USTAZ HUB – Қазақстан мұғалімдеріне арналған тегін шеберлік сабақтары
USTAZ HUB – Қазақстан мектептерін дамытуға ынталы мұғалімдерді біріктіретін бірегей жоба. Шеберлік сабақтары аясында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен және технологияларымен танысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады.
USTAZ HUB – Қазақстан мұғалімдеріне арналған тегін шеберлік сабақтары
USTAZ HUB – Қазақстан мектептерін дамытуға ынталы мұғалімдерді біріктіретін бірегей жоба. Шеберлік сабақтары аясында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып қана қоймай, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен және технологияларымен танысып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік алады.
Жобаның негізі 2023 жылғы желтоқсанда қаланды
Әлеуметтік бастаманың ұйымдастырушылары — мұғалімдердің біліктігін арттырумен айналысатын QUNDYLYQ және USTAZ PRO орталықтарының командасы
білім беру саласындағы соңғы жаңалықтардан хабардар ететін, тәжірибе алмасуға және жаңа нәрсені үйренуге мүмкіндік беретін достық қауымдастық құру.
Шығармашылыққа толы еркін атмосферада біздің тамаша спикерлеріміз әр оқушының әлеуетін барынша арттырудың және сабақтарды қызықты өткізудің түрлі жолын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісетін болады.
Біздің басты мақсатымыз
ШЕБЕРЛІК САБАҒЫНА ҚАТЫСЫП, ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ӨЗГЕРТУГЕ ЫНТАЛЫ ҚАУЫМДАСТЫҚТЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛЫҢЫЗ!
USTAZ HUB форматы туралы
Өз қалаңызда USTAZ HUB өткізгіңіз келсе, «Серіктестерге» бөліміне өтіп, бізге хабарласа аласыз
спикерлер практикалық шеберлік-сабағын өткізеді
әр спикерге 15-20 минут беріледі
әр USTAZ HUB-та 6 спикерге дейін сөйлейді
идея мен эксперттік пікір алмасуға бағытталған нетворкинг ұйымдастырылады
шараға белсенді қатысқандарға серіктестер атынан кітаптар табысталады
USTAZ HUB айына бір рет өтеді
USTAZ HUB 5.0 СПИКЕРЛЕРІ
Джунусова Замира
Психолог
Тақырыбы: «АМҚ (автодеструктивті мінез-құлық)контекстіндегі проективті әдістер»
Спикер айтады:
  • балалардағы өз-өзіне зақым келтіру белгілерін анықтау үшін «Ойдан шығарылған жануар» әдісін қолдану.
  • қауіп-қатерлерді бағалау үшін суреттерді интерпретациялау элементтерін меңгеру.
  • мектеп психологтарының диагностика үшін әдісті тез қолдану.
Асанова Жанат
NURORDA мектеп-лицейі,
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Сингапур математикасы әдістемесінің оқу сапасын арттыруға әсері»
Спикер айтады:
  • “С-Р-А” сингапурлық тәсілі арқылы оқу тиімділігін арттыру.
  • бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.
  • математикалық ойларды білдіру және жазу дағдыларын жақсарту.
Берикболова Перизат
Психолог
Тақырыбы: «Оқушылардың эмоционалды қажеттіліктеріне жауап беру жолдары»
Спикер айтады:
  • баланың қажеттіліктерін жақсырақ түсіну үшін оның әрекеттерінің мотивациясын түсіну.
  • баланың эмоционалдық қажеттіліктеріне жауап бере алатын тұлғаны қалыптастыру.
  • өзіне сенімді және табысты баланы тәрбиелеу техникасын үйрету.
Нұрзат Әбілда
USTAZ PRO академиялық директоры
Тақырыбы: «Ата-аналар жиналысы 2.0:
Ата-аналармен өзара әрекеттестіктің жаңа көзқарасы»
Спикер айтады:
  • ата-аналар жиналыстарын заманауи және тартымды форматқа қалай айналдыру.
  • жиналыстарға көбірек ата-аналарды қалай тарту.
  • кездесулерді өткізу үшін шығармашылық және интерактивті әдістер туралы.
Айткалиев Марат
Білім инновация лицейі
Биология пәнінің мұғалімі, Alpha teacher
Тақырыбы: «Альфа оқушыға - Альфа Ұстаз»
Спикер айтады:
  • “Альфа” ұрпағының қабылдауындағы өзгерістер және оқыту әдістерін бейімдеу.
  • оқуға қызығушылықты арттыру үшін цифрлық құралдарды (анимациялар, Minecraft, TikTok) қолдану.
  • әлеуметтік желілер арқылы табысты өзара әрекеттестік мысалы ретінде “Sekund Oqimyz” медиа-жобасы.
Жұмағұлов Нұрболат
Astana kitap
Химия пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: «Химия пәнін көрнекіліктермен оқыту маңыздылығы»
Спикер айтады:
  • көрнекі материалдарды жасау үшін дизайнерлік бағдарламаларды қалай пайдалану туралы.
  • шығармашылық құралдарды қалай монетизациялау және оларды әлеуметтік желілер арқылы тарату.
  • химияға қызығушылықты арттыру үшін визуалды эффектілерді қолдану туралы.
USTAZ HUB 5.0 қайда өтеді?
12 қазан, қатысушыларды тіркеу 9:30-да, іс-шара 10:00-де басталады.
Қарағанды қаласы, Modern Teachers Academy орталығы, Университетская 36 көшесі
Бесінші USTAZ HUB 12 қазанда Қарағандыдағы Modern Teachers Academy орталығында өтеді.

Іс-шараға кез келген адам қатыса алады, тек профильдегі сілтеме арқылы тіркелу керек. Спикерлер қазақ және орыс тілдерінде сөйлейді.

USTAZ HUB-қа кімдер қатыса алады?
Мұғалімдер
Директорлар және олардың орынбасарлары
Cтуденттер
EdTech бағытындағы стартаптар және кәсіпкерлер
Білім саласына бейжай қарамайтын кез келген адам
БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕР
3+
15+
уоркшоп
10+
серіктестер
спикер
адам шеберлік сабақтарына қатысты
1000+
БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ
СЕРІКТЕСТЕР
БІЗДІҢ МҰҒАЛІМДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫМЫЗҒА ҚОСЫЛ
Біз мұғалімдердің мынаны түсінгенін қалаймыз: олар – қоғамды дамытатын қозғалтқыш күш және ғылыми ойдың таратушысы.

Балалардың талпынысы мен болашақ жетістіктерін қолдау – мұғалімдерің жасампаз миссиясы.

Алайда үлкен жетістікке жету жолында мұғалімдерге қолдау қажет екенін білеміз, сондықтан сіздерді үлкен қауымдастығымыздың бір бөлігі болуға шақырамыз.