Nazarbayev University, Жоғары білім мектебі, ғылыми қызметкер
Тақырып: «Мұғалімнің жүйелі жұмысы: кәсіби өсуге апарар қадамдар»
Спикер мұғалімнің жүйелі жұмысы оның кәсіби өсу жолын қалай құруға көмектесетінін баяндайды.
Баяндамада педагогтың өз қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретін негізгі қадамдар мен тәжірибелер қарастырылады.
Тарих пәні мұғалімі
Harmony school
Тақырып: «Тарихты жаттамау
үшін не істеу керек?»
Спикер тарихты оқытуда ассоциативті әдістің тиімділігін көрсетеді. Ол Кенесары хан мен Саскенің (Наруто) байланысы арқылы реинкарнация идеясын түсіндіріп, тарихты меңгеруді қызықты әрі мағыналы етудің жолдарын ұсынады
Әбіш Кекілбаев атындағы BINOM school, информатика пәні мұғалімі
Тақырып: «Мүмкін еместі мүмкін ету: Үміт пен мүмкіндіктерді ашудағы мұғалімнің рөлі»
Құрал да, қолдау да болмаған кезде оқушыларымен бірге жол тапқан мұғалімнің тәжірибесі – нағыз сенімнің күші. А3 қағазға сызып жасаған қарапайым поледен басталған дайындық чемпиондыққа жеткізді. Әр ұстаз – үміт сыйлап, қараңғыда бағыт көрсететін шамшырақ.
Ustaz Pro орталығының академиялық директоры
Тақырып: «Ойлау қателіктері: Білім беру процесіндегі психологиялық тұзақтар мен олардан қалай қашуға болады»
Презентацияда «тірі қалғандардың қателігі», «алтын балға әсері» және «растау әсері» сияқты когнитивті бұрмалаулардың білім беру шешімдері мен оқушыларды қабылдауға ықпалы қарастырылады. Сондай-ақ олардың күнделікті тәжірибеде көрінісі мен әділ бағалау мен оқытуға әсері талданып, мұғалімдерге бұл тұзақтарды еңсеру жолдары ұсынылады.
БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ ХҚҚ Кәсіби бағдар беру бөлімінің басшысы
Тақырып: «Сынып жетекшінің кәсіби бағдар берудегі ролі»
Сынып жетекші оқушыны жақсы танитындықтан, оның бейімділіктері мен қызығушылықтарына қарай дұрыс бағыт-бағдар бере алады.
Ол мамандық пен университет таңдауда көмекші, жол көрсетуші тұлға болып саналады.